Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында дүниеге келген үшемге кәсіпкер бес бөлмелі үй сыйлады

Алматы облысында дүниеге келген үшемге кәсіпкер бес бөлмелі үй сыйлады

Алматы облысында дүниеге келген үшемге кәсіпкер бес бөлмелі үй сыйлады, - деп хабарлайды kznews.kz сайты.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Іле ауданның Ақши ауылында 7 балалы отбасы баспаналы болды.

«Ақши ауылының ортасынан «Дәулет - Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді. Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса ҚР Президентінің жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен наградталған», - делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үшемнің есімін Мәлика, Мәдина, Мүслима деп қойған ата-анасы ендігі балаларым жып-жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жанұядағы тағы 4 бала Ақши ауылының №8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, Мәймиевтердің қуанышымен бөлісті.

Автор
Нұрсұлтан