Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында бала балабақшада кәріз құдығына құлап көз жұмды

Алматы облысында бала балабақшада кәріз құдығына құлап көз жұмды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға туралы полицияға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында хабарланған. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары