KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

• Жарқын Омаров
Фото: kursiv.media

Кеген ауданында полицейдің жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz.

23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты.

Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды.
 

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында орын алғанын атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →