Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Оқыс оқиға 22 қарашада мектептен қайтар кешкі уақытта болған.
фото: Instagram/lyceum24"8-сынып оқушысы Герой Ақжол Нұрланұлы мінген 219-шы автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, талып қалған. Өзінің ғана емес барлық жолаушылардың өміріне қауіп төнгенін түсінген батыл бала дереу іске көшіп, ойланбастан автобус рөліне жармасыпты. Сөйтіп, тежеуішті дер кезінде басып үлгеріп, барлық жолаушылардың өміріне төнген қауіпке тосқауыл болған", делінген оқушы оқитын №24 мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында.