KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматы облысында 8 айлық нәресте коронавирус жұқтырды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 13 оқиғасы анықталды. Жұқтырғандардың арасында 8 айлық сәби бар,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы, өңірде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 86 болды.

Соңғы тіркелген 13 науқастың арасында тоғыз адам Іле ауданының тұрғындары, үшеуі - Қапшағай қаласынан және біреуі - Украина азаматы.

"Ауырғандардың ең кішісі - сегіз айлық бала, ең үлкені -1952 жылы туған. Олардың барлығы емделіп жатыр. Барлығы 39 байланыста болған адам анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауда, эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық әкімдікте.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →