Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 13 оқиғасы анықталды. Жұқтырғандардың арасында 8 айлық сәби бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, өңірде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 86 болды.
Соңғы тіркелген 13 науқастың арасында тоғыз адам Іле ауданының тұрғындары, үшеуі - Қапшағай қаласынан және біреуі - Украина азаматы.
"Ауырғандардың ең кішісі - сегіз айлық бала, ең үлкені -1952 жылы туған. Олардың барлығы емделіп жатыр. Барлығы 39 байланыста болған адам анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауда, эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық әкімдікте.
stan.kz