ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында 14 жастағы оқушыны төрт жігіт зорлаған

Алматы облысында 14 жастағы оқушыны төрт жігіт зорлаған

Алматы облысының Текелі қаласында 14 жастағы жасөспірімді төрт жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Олардың үшеуінің жасы17-де, біреуінің жасы 18-де болған. Қазір барлығы да қамауда отыр. Оқиға Текелі қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайттың болғанын растады.

"10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды",- делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растаған ақпаратта.

Автор
Айбар