KZNews.kz
Қоғам

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

Торғын Абушахман

Алматы облысында кәмелет жасқа болмаған жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстың полиция департаменті болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір  болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған күдіктіні тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →