KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Алматы метросының басшысы қанша жалақы алатынын айтты

• Еркебұлан

Алматы метрополитенінің жаңа директоры Айдын Оразханов жалақысының мөлшерін айтты.

Бұл туралы tеngrinews.kz жазды. «Жалақым аз емес деп ойлаймын. Қазір менің айлық жалақым –- 495 мың теңге. 2014-2016 жылдары метро басқарған кезде 385 мың теңге алдым. Біз шахтада жұмыс істемейміз ғой. Жалпы, метрополитен қызметкерлері орташа есеппен 150 мың теңге алады, бізде жалақы қорын мәслихат бекітеді», – деді Айдын Оразханов.  
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →