Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы мен Шымкентте «дикий Арман» тобының он бес мүшесі ұсталды

Алматы мен Шымкентте «дикий Арман» тобының он бес мүшесі ұсталды

Полиция мен ҰҚК қызметкерлері Бас прокуратураның көмегімен Алматы мен Шымкентте дикий Арман ОПГ қызметіне қатысы бар деп күдіктелген 15 адамды ұстады.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір полиция 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан аса қауіпті қылмыстық топтарды жою жөніндегі операцияның белсенді кезеңін аяқтауда. Алматы мен Шымкентте ұсталған күдіктілер осындай топтардың біріне кірді деп болжануда.

"Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жалғастырды. 40 тінту жүргізілді, 10-нан астам атыс қаруы тәркіленді. Барлық қатысушыларды уақытша ұстау изоляторына қамады", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Қуандық Алпыс.

Полиция соңғы екі жылда 140 қылмыстық топтың қызметін тоқтатқанын және олардың 550-ден астам қатысушысын жауапқа тартқанын атап өтті.

Фото: ашықдереккөз

Автор
Еркебұлан