Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

Алматы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, қала әкімінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіпкерлерден заңсыз түрде құжат талап еткен.

Аталған іс-әрекеттер қолданыстағы заңнамаға қайшы, өйткені тексерушілердің кәсіпкерлерден құжат сұратуға заңды құқығы болмаған. Тексеру рәсімдерін бұзуға байланысты аудан әкімдері аппараттарынан 6 лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 іс бойынша жалпы көлемі 500 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің орынбасарына кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен 100 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Барлық айыппұлдар қысқартылған тәртіппен төленгені айтылды.

фото: gov.kz

Автор
Нұрсұлтан