Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы-1 станциясының қызметкерлері жүк бөлімінде ұрлық жасап келген

Алматы-1 станциясының қызметкерлері жүк бөлімінде ұрлық жасап келген
Фото: ҚТЖ

Алматы-1 станциясының багаж бөлімінде болған ұрлық фактілеріне байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ түсініктеме берді. Ішкі тексеріс нәтижесінде бір қызметкер жұмыстан босатылып, бірқатар қызметкер мен басшы тәртіптік жауапқа тартылған, деп хабарлайды kznews.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов Алматы-1 станциясының багаж бөлімінің қызметкерлеріне қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу туралы бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді.

"Компания ішкі істер органдарына толық қолдау көрсетіп, багаж тасымалы саласында кешенді тексерулер жүргізуде. Біз сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанамыз және анықталған әрбір заңбұзушылыққа принципті баға береміз", – деді Дияр Нүсіпқожанов.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2025 жылдың қыркүйегінде жүргізілген ішкі қызметтік тексеру қорытындысы бойынша багаж бөлімінің бір қызметкерімен еңбек шарты бұзылған.

"Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер мен басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, “Оңтүстік” филиалының багаж тасымалы жөніндегі директор орынбасары, Оңтүстік өңірлік учаскенің бастығы – багаж тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, сондай-ақ багаж бөлімінің меңгерушісі бар", – деп нақтылады Нүсіпқожанов.

Компания басшысы қазіргі уақытта багажды рәсімдеу және тасымалдау үдерістерінің ашықтығын арттыру үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Қойма штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жүктер алушыларға жөнелтілген.

Алматыда ер адамдар есінен танып жатқан қызды құтқармақ болған кейіп танытып, телефонын ұрлап кеткен (видео)

"Аса ірі көлемде ұрлық жасаған": FlyArystan әуекомпаниясының қызметкері Ренат Әбілханов 8 жылға сотталды

Еске салайық, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі "Qarmet" құқықтық мирасқоры болып саналатын "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС директоры Сергей Кимге қатысты тергеу болып жатқанын жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.