Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алла елшісінің қызы Фатимаға ұзатыларда айтқан өсиеті / Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Алла елшісінің қызы Фатимаға ұзатыларда айтқан өсиеті / Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Жаңа өмір бастаған жас отбасы. Алла елшісінің қызы мұсылман үмбетінің ең ғалымы, ең көп құлшылық ететіні, ең батыры аталған сегіз қырлы, бір сырлы жігітке тұрмысқа шықты.

Әзірет Фатиманың тұлғалық қасиетінен Алла елшісінің тәрбиесінде болғандығын, ал әзірет Алидің бойынан ілімі мен батылдығы, жомарттығы мен дархандығы, мәрттігі мен кішіпейілділігі – барша жақсы қасиетті бойына сіңірген ерекше тұлғаны, Пайғамбардың күйеу баласын көруге болады.

Әзірет Али мен Фатиманың ақ отауы нағыз үлгілі отбасы еді. Алла елшісі әзірет Алиге ұзатылып бара жатқан қызы Фатимаға былай деп өсиет айтады:

«Қызым, үйімізден кетіп, өзің үйренбеген басқа шаңыраққа бара жатырсың. Сен күйеуіңе жер бол, ол саған көк болсын! Сен оған қызметші бола біл, сонда ол да саған қызметші бола білсін! Күйеуіңе жылы қара. Ашулы кезінде үнсіз ғана қасынан кетіп қал. Ашуы басылғанша оған көрінбе!

Тілің мен құлағыңа ие бол! Күйеуің саған ауыр сөз айтса, айтқандарын елеме, жауап қайтарушы болма! Оған қарсы келме! Әрдайым сенен тек жақсы сөзестісін, жылы жүзіңді көрсін! Осылайша саған жақсы көзбен қарасын!».


islam.kz
Автор
Санжар