Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлімханұлының қарсыласы WBO титулынан бас тартты - жекпе-жек өтпейді

Әлімханұлының қарсыласы WBO титулынан бас тартты - жекпе-жек өтпейді
Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британдық боксшы Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы чемпиондық атағынан ресми түрде бас тартқан.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы чемпиондық атағынан бас тартқанын ресми түрде жариялады,  деп хабарлайды kznews.kz

Queensberry Promotions промоутерлік компаниясы WBO-ға Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жекке шықпайтынын хабарлаған. Жәнібек бұл кездесуге ресми міндетті үміткер мәртебесін алған еді.

Ұйымның мәліметінше, промоутерлік сауда қорытындысы бойынша белгіленген шарттарды қарастырғаннан кейін Шираз чемпиондық белбеуін өз еркімен босатуға шешім қабылдаған.

"WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешіміне құрметпен қарайды. Сондай-ақ, боксшылар мен олардың командалары спортшының мүддесіне сай деп тапқан жағдайда кәсіби мансабына қатысты шешімді өздері қабылдауға құқылы екенін мойындайды", - делінген WBO мәлімдемесінде.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.