Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды

Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды

Әлия Назарбаева алғаш рет 18 жасында Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан болатын


Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев Мәскеуде қайтыс болды, деп хабарлады 24.kg.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі Мәскеуде кенеттен ұстап қалған. Дәрігерлер өмірін құтқара алмады.

Айдар Ақаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлиямен үш жыл некеде болған. 1998 жылы 18 жасында Әлия Назарбаева Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жастың дәм-тұзы жараспай, 2001 жылы ажырасып кетті.

Айта кетейік, Қырғызстанның бірінші президентінің төрт баласы бар: Бермет, Айдар, Саадат және Илим.

Бермет және Айдар Ақаевтар Жоғарғы Кеңеске кандидат болып, биліктің "Алға, Қырғызстан" партиясы атынан депутаттық мандат алды. Бұл оқиға ел арасында кеңінен наразылық тудырған болатын. 2005 жылы 24 наурызда "Ақ үйді" басып алу мақсатындағы митингтердің нәтижесінде Асқар Ақаев орнынан алынды. Ол отбасымен бірге Қырғызстаннан қашып кетті.

Сондай-ақ, Айдар Ақаев кино саласында танымал Чокубаевтар әулетінің Сайкал есімді қызына үйленді. Олардың екі баласы бар.

Айдар Ақаевпен ажырасқаннан кейін Әлия Назарбаева Данияр Хасеновпен отбасын құрды. 2007 жылы Тиара, 2011 жылы Алсара есімді қыздары дүниеге келді. Алайда екі жастың отбасылық өмірі ұзаққа созылмады.

2015 жылы Димаш Досановқа күйеуге шықты. 2016 жылдың жазында Алдияр есімді ұлын өмірге әкелді.


sputniknews.kz

Автор
Айбар