Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жарақаты ауыр болды: Әли Хаменейдің артынан жары да көз жұмды

Жарақаты ауыр болды: Әли Хаменейдің артынан жары да көз жұмды
Фото: Жасанды интеллект / Kznews.kz

Иран медиасы АҚШ пен Израильдің әуе соққыларынан кейін ауыр жарақат алған Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің жұбайы бүгін көз жұмғанын хабарлады, деп хабарлайды Kznews.kz.

РИА Новости келтірген дерекке сүйенсек, бұл туралы ирандық Mehr агенттігі жазған. Ал ТАСС мәліметінше, ақпаратты Иранның Al Alam телеарнасы да растаған. Хабарламаларда марқұмның әуе соққылары кезінде алған жарақатынан қайтыс болғаны айтылады.

Бұған дейін Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің қаза тапқанын ресми түрде мәлімдеген. Осыған байланысты елде 40 күндік аза тұту жарияланған.

Кейінірек бірқатар ақпарат құралдары соққылар салдарынан Әли Хаменейдің қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де қаза болғанын хабарлады.

Сондай-ақ операция барысында Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың да мерт болғаны айтылды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер