Сот төрешісі Гүлзада Рашқалиева шешімін жариялап, Ақбергенованың Батырбековаға қарсы берген «құрметін, абыройын және іскерлік беделін қорғау» талабын жартылай қанағаттандыруға шешім шығарды.
«Ақбергенованың Батырбековаға қатысты Instagram және Threads әлеуметтік желілерінде таратылған ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді деп танылсын» — деп мәлімдеді төреші.
Сот Аселина Батырға шешім күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сол әлеуметтік желілерде ақпаратты жоққа шығаратын жарияланым жасау міндетін жүктеді.Сонымен қатар, жауапкерден Ақбергеноваға 200 мың теңге моральдық шығын, сот шығындары мен мемлекеттік алым шамамен 4 932 теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Ал соттың қалған бөлігінде талапкердің арызы қанағаттандырылмады.