«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемнің жаңа ең қарт тұрғыны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Әлемнің жаңа ең қарт тұрғыны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Жапонияның 112 жастағы тұрғыны Титэцу Ватанабэ қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам британдық Роберт Уэйтон болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Уэйтон 1908 жылдың 29 наурызында дүниеге келген, бір айдан кейін ол 112 жасқа толады. Ол әлі де Гиннестің рекордтар кітабына енбегенімен, дүниеге келген күні расталған әлемдегі ең қарт адам болып саналады.

Қазіргі таңда Роберт Уэйтон Альтон қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Оның екі ұлы, қызы, он немересі және 25 шөбересі бар.

Бұған дейін 12 ақпанда Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірген Ватанабэ Титэцудің қайтыс болғаны хабарланған.

Айта кетейік, әлемдегі ең қарт әйел атағы жапониялық Канэ Танакаға тиесілі. Оның құжатпен расталған жасы -117 жас және 40 күн.


stan.kz
Автор
Данияр