Шоу-бизнес

Әлемге танымал қазақ ғалымы өмірден озды

KZNEWS KZNEWS
Әлемге танымал қазақ ғалымы өмірден озды

Ғалым, Химия ғылымының докторы, профессор Еділ Ерғожин өмірдан озды. Бұл туралы белгілі журналист Қайнар Олжай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ерғожин Еділ Ерғожаұлы – 1941 жылы туған. Ғалым, Химия ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

1963 жылы ҚазМУ-нің химия факультетін үздік белгімен аяқтап шығады.

1980-1988 жж. – кафедра меңгерушісі, 1980-1983 жж. – химия факультетінің деканы, 1983-1986 жж. – бірінші проректор.

1986-1988 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетте ректорлық қызмет атқарды.

1988 жыллан бастап, қазіргі күнге дейін ҚР білім және ғылым министрлігі (МОН) химия ғылымдары Институтының директоры. 1994-1995 жж. – ҚР ҰҒА-ның вице-президенті, 1999-2002 жж. – ҚР-ның білім және ғылым вице-министрі.

1983 жылы ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланып, 1989 жылы – ҚазССР ҒА толық мүшесі, академигі болады.

Дүниежүзіне аты шыққан Қазақстандағы химия бойынша иондық алмасу мен мембранды технологиялары мектебінің негізін қалаушы және 1976 жылы Қазақстанның құрметті Алтын кітабына енген болатын.

1986-1990 жж. ҚазССР Жоғары Кеңесінің депутаты мен ғылым және техника комиссиясының тұрақты төрағасы болып сайланған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz