Танымал актер Нышанбек Жұбанаев көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің отбасында төртінші қыз дүниеге келді. Актер бұл туралы Instagram желісінде жариялаған видеосында айтып, сезімін жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.
Жұбанаевтың айтуынша, ол Қырғызстаннан Алматыға жолда келе жатқанда осы жаңалықты естіген.
"Төрт жүрегім, төрт қызғалтағым, қош келдің мына өмірге, шөжетайым…. Дәл қазір жүрегім дүкілдеп тұр… Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Басқа не айтарымды білмей тұрмын шынымды айтсам!" – деп жазды Нышанбек Жұбанаев.
Жарияланған жазбаның астына достары, әріптестері мен жанкүйерлері жылы тілектерін жаудырып, жас сәбиге ақ жол тіледі.
Нышанбек Жұбанаев көрерменге "Munai", "1286" және "Sheke" телехикаяларындағы рөлдері арқылы жақсы таныс.