Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге танымал актер 100 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Әлемге танымал актер 100 жасқа қараған шағында өмірден өтті
Carlos Alvarez / Getty Images. Суретте: Джек Тейлор

Америкалық актер Джек Тейлор Испанияда 99 жасында өмірден өтті. Көрерменге "Граф Дракула" және "Конан-варвар" фильмдері арқылы танылған өнер иесі өмірінің соңғы кезеңін Испанияда өткізген. Ол бұл елде 50 жылдан астам уақыт тұрған, деп хабарлайды kznews.kz.

Актердің қайтыс болғаны туралы The Hollywood Reporter хабарлады. Джек Тейлор негізінен қорқынышты фильмдер мен фэнтези жанрындағы рөлдерімен есте қалды. Оның ең белгілі жұмыстарының бірі – 1970 жылы жарық көрген, Кристофер Ли басты рөлді сомдаған "Граф Дракула" фильмі.

Сонымен қатар актер "Конан-варвар", Роман Поланскидің "Тоғызыншы қақпа" және басқа да бірқатар киножобаларға түскен.

Джек Тейлордың шын есімі – Джордж Браун Рэндалл. Ол 1926 жылдың қазан айында дүниеге келген. Жас кезінде Голливудта мансап құруды мақсат етіп, кино әлеміне қадам басқан.

1953 жылы Тейлор Мэрилин Монромен бірге бір телешоуға қатысқан. Алайда сол кезеңде Лос-Анджелесте үлкен жетістікке жете алмады. Кейін актер Мексикаға көшіп, испан тілін үйреніп, жергілікті кинода белсенді түрде түсе бастады. Сонымен бірге театр сахнасында да өнер көрсетті.

Джек Тейлордың соңғы жұмысы 2025 жылы шыққан "Свободный буфет" фильмі болды. Өмірінің соңғы кезеңінде актер "Менің кинодағы 100 жылым" атты естеліктер кітабын да жарыққа шығарған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер