183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге танымал америкалық актер Эрик Дэйн 53 жасында өмірден өтті

Әлемге танымал америкалық актер Эрик Дэйн 53 жасында өмірден өтті
Суретте америкалық актер Эрик Дэйн / Ашық дереккөзі

«Анатомия страсти» және «Эйфория» сериалдары арқылы танылған америкалық актер Эрик Дэйн 53 жасында өмірден өтті. Марқұм он айға жуық бүйірлік амиотрофиялық склерозбен күрескен, деп хабарлайды kznews.kz People журналына сілтеме беріп.

Эрик Дэйн 2026 жылдың 19 ақпанында дүние салған. Жақындарының айтуынша, актер соңғы күндерін жанашыр достары мен отбасының ортасында өткізген.

Дэйн 1972 жылы 9 қарашада Сан-Францискода туған. Өнерге қызығушылығы жас күнінен оянып, мектептегі қойылымдардан кейін актерлік жолды таңдайды. Кейін Лос-Анджелеске бет бұрып, тележобалардағы шағын рөлдерден бастап, біртіндеп үлкен экранға жол ашады.

Көрермен оны ең алдымен «Grey’s Anatomy» сериалындағы хирург Марк Слоан бейнесі арқылы жақсы таниды. Бұл кейіпкердің «McSteamy» деген лақап аты да жанкүйерлер арасында аңызға айналған. Одан бөлек, ол «Зачарованные» жобасында Джейсон Динді сомдап, кейін «The Last Ship» сериалында капитан Том Чандлер рөлімен тағы бір белеске көтерілді.

Ал кейінгі жылдары «Эйфориядағы» Кэл Джейкобс образы Дэйннің драмалық қырын айқындап, жаңа буын аудиториясына қайта танытты. People дерегінше, ол диагнозын жариялағаннан кейін де жұмыстан қол үзбей, «Эйфорияның» үшінші маусымына түсірілімді жалғастырған.

Актер 2025 жылдың сәуірінде БАС диагнозын көпшілікке ашық айтқан еді. Бұл дерт жүйке жасушаларын зақымдап, бұлшықет әлсіздігіне, кейін қозғалыстың шектелуіне ұласады. Ауру үдеген сайын тыныс алу, сөйлеу секілді негізгі функцияларға да әсер етуі мүмкін.

Дэйн сырқатпен күресте үнсіз қалмай, ALS бойынша зерттеуді жеделдету, қолдауды күшейту жайын жиі көтерді. Ол I AM ALS ұйымымен бірлесіп, қаржыландыру мен зерттеуді алға жылжытатын бастамаларға үн қосқаны да жазылды.

Жеке өмірінде Эрик Дэйн актриса Ребекка Гейхартпен 2004 жылы отау құрған. Ерлі-зайыптының Билли мен Джорджия есімді екі қызы бар. БАҚ мәліметінше, жұп бір кезеңде ажырасу процесін бастағанымен, 2025 жылы құжатты кері қайтарып, отбасылық байланысты сақтауға басымдық берген.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер