KZNews.kz
Спорт

Әлемдік спорт тарихында ең көп табыс тапқан спортшының аты аталды

Torgyn Abushakhman

Майкл Джордан гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті

Аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Майкл Джордан ең көп ақы төленетін 50 спортшының тізімін бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

62 жастағы ардагер қазіргі жұлдыздар – гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті.

Sportico мәліметі бойынша алты дүркін Ұлттық баскетбол қауымдастығы чемпионының жалпы қаржылық табысы 3,8 миллиард долларды немесе доллар инфляциясын есепке алғанда 4,15 миллиард долларды құрады.

Джорданнан кейін Тайгер Вудс (инфляцияны есепке алғанда $1,91 млрд / $2,79 млрд) және Криштиану Роналду ($1,83 млрд / $2,23 млрд) келеді.

Ең бай 10 спортшының қатарына (инфляцияны есепке алғанда):

Сонымен қатар Испанияның «Реал» футбол клубы Laureus бағалауы бойынша 2024 жылдың үздік командасы деп танылды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары