«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті өрт ошақтарын жою үшін құтқарушыларға көмек көрсетуге жеке құрам да жіберілгенін хабарлады

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында шыққан өртті сөндіру үшін әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді. Оның бір ұшқанда он тонна су шашуға мүмкіндігі бар.

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациям

Шығыс Қазақстанның құтқарушыларына көмекке Көкшетау гарнизонының жеке құрамы да жіберілді

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті қарағайлы орманындағы өрт ошақтарын жою және өртті сөндіру үшін құтқарушыларға техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілгенін хабарлады.

"Сағат 07:45-те Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен суағар құрылғысы бар Ми-26Т тікұшағы ұшты. Борт бір ұшқанда он тонна су шашатын болады. Сонымен қатар бортта Көкшетау гарнизоны жеке құрамының 30 адамы бар, олар өртті сөндіруге атсалысады", - делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 23 сәуірде Қазақстанның шығысында "Семей Орманы" резерватының аумағында өрт басталды. Кешке қарай өрттің 300 гектар аумаққа тарағаны белгілі болды.

Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Бұған дейін өртті сөндіруге 26 өрт сөндіру көлігі, төрт орман өрті кешені, аспалы құрал-жабдығы бар үш трактор мен екі патруль көлігі, бір МИ-2 тікұшағы және 75-тен аса адам жұмылдырылғаны хабарланды.


sputniknews.kz
Автор
Айбар