KZNews.kz
Әлем

307 келіге дейін жеткен реалити-шоу жұлдызы көз жұмды

Torgyn Abushakhman

Америкалық реалити-шоудың бұрынғы қатысушысы, бір кездері «әлемдегі ең ауыр адам» атанған әйел өмірден озды. Бұл туралы kznews.kz порталы News.com.au-ға сілтеме жасап хабарлады.

Поллин Поттер 62 жасында қайтыс болды. Оның салмағы бір кезеңде 307 келіге дейін жеткен. Қаңтар айында жол апатына ұшырағаннан кейін денсаулығы күрт нашарлаған. Марқұмның ұлы Диллон Брукс YouTube желісінде анасының соңғы күндерін хосписте өткізгенін айтып, жүрек пен тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігі өлімге себеп болғанын мәлімдеді.

Апат кезінде Поттердің мінген көлігі екі жолақты тасжолда тұрған жарықсыз тіркемеге соқтығысқан. Осы жағдайдан кейін оның ас қорыту жүйесінде қиындықтар пайда болып, қабырғалары қатты ауырған. Тамыз айының соңында ауруханаға жатқызылғанымен, ол үйіне қайта оралмаған.

Поллин Поттер бірнеше жыл бойы «Менің 600 фунттық өмірім» (My 600-lb Life) реалити-шоуына қатысып, 200 келіден астам салмақ тастаған. Артық теріні алып тастау үшін пластикалық ота жасатуды жоспарлағанымен, жол апаты оның өмірін қысқартты.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары