Германиядағы Роберт Кох институты коронавирус пандемиясының екі жаңа толқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.
Мекеме басшысы Лотар Вилердің айтуынша, ауру халықтың 60-70 пайызы жұқтырғанға дейін таралуы мүмкін.
"Біз екінші толқыны болатынын білеміз", - деді ол.
Оның сөзінше, кейбір ғалымдар коронавирустың үшінші толқыны болады деп санайды.
Сонымен қатар, Вилер әлеуметтік қашықтық күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өтті.
stan.kz