KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Алдағы үш күнде 26 градусқа дейін аяз болады

• Еркебұлан

Қазақстандағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет елде суық антициклон жүретінін, оның Қазақстанға әсері туралы айтты.

"Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - дейді синоптиктер.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында - көктайғақ, солтүстік бөлігінде - бұрқасын күтіледі.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →