Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

17-19 қазанға ауа райы болжамы шықты. Синоптиктер осы күндері қар жауып, қатты жел соғып, солтүстікте боран болатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

"Атмосфералық процестердің тез ауысуы ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан территориясы бойынша үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды, алайда оның артынан антициклон келеді, бірақ оны 19 қазанда кезекті циклон және арктикалық фронттар ығыстырады", - деп хабарлады синоптиктер.

Осыған байланысты көптеген облыста күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік-батыстан қатты жел тұрып, боран соғуы мүмкін, деп ескертеді мамандар.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист