Қоғам

Алаяқтарға алданған профессор 32 миллион теңге толықтай жиналғанын айтты

Алаяқтарға алданған профессор 32 миллион теңге толықтай жиналғанын айтты

Алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қала жаздаған профессор Кәкен Қамзин қажетті 32 миллион теңге толықтай жиналғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz

Мән-жай

Оның сөзінше, бір жарым ай бұрын алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қала жаздағаннан кейін 5 шілдеден бастап елден қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болған. Осы уақыт ішінде халықтың қолдауымен 9,5 миллион теңге жиналған. Қалған 23 миллион теңгені атын атамауды сұраған адам қолма-қол жеткізіп, толық соманы жабуға көмектескен.

«Аллаға мың да бір шүкір, бүгін сол «жылу» жинауды ресми түрде тоқтататынымды қуана хабарлаймын. Осылайша, жиналған қаражат 9 529 836 теңгеге жетті. Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт, бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл тек қаржылай көмек қана емес, бұл - сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын! Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін! Ризашылығымды білдіремін!», – деп жазды Кәкен Қамзин Facebook парағында.

Контекст

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің профессоры Кәкен Қамзиннің алаяқтарға алданғаны туралы өткен айдың басында белгілі болған. Сол уақытта бірқатар журналист жазба жариялап, қаржы жинаған. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz