«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аланияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

Аланияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

Түркияның Алания курортында Қазақстаннан келген туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ 12 адам жараланып, екеуі қаза тапты деп хабарлайды.

«Қазақстаннан келген туристер мінген шағын автобус Окурджалар ауылының маңында D-400 тас жолында бағдаршамда тұрған жүк көлігіне соқтығысты» деп хабарлайды NTV арнасы.

Апат салдарынан түрік жүргізуші мен гид болып жүрген Украина азаматы қаза тапты. 12 жолаушы жарақат алды, алтауының жағдайы ауыр, барлығы Алания мен Манавгат ауруханаларына жатқызылды. Жүк көлігінің жүргізушісі жауап алу үшін бөлімге жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Олар ақпараттың нақтыланып жатқанына сендірді.

Ақпарат, фото:  azattyq-ruhy.kz
Автор
Айбар