KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Алаяқтар айыппұл салып жүр: Алматыда карантинді жалған бақылаушылар пайда болған

• Айбар

Алматыда алаяқтар өздерін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, қала тұрғындарына бетперде режимі мен карантинді бұзғаны үшін айыппұл салып жүр.


Бұл туралы онлайн-брифинг барысында мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

"Қалада бір топ, жас жігіт және бір қыз жұмыс істейді. Олар өздерін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері деп таныстырады. Егер бұзушылықтар анықталса, олар ақша талап етеді. Мұндай жағдайда ресми куәлікті талап ету керек. Мұндай алаяқтар бар екенін ұмытпауымыз керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлар туралы ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне беруді сұрады.

Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирус індетінің жұғу деңгейі төмендегенін хабарлады.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →