Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полицейге қатысты іс тоқтатылды

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полицейге қатысты іс тоқтатылды
Фото Informburo.kz

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына байланысты полицейге қатысты тергеудің тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қалалық полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қызметтік әрекетсіздік бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу 20 мамырда аяқталған. Сонымен қатар ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұл оқиғаға байланысты қосымша тексеру жүргізген.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша, тыйым салынған мемлекеттік тіркеу нөмірін заңсыз беру фактісі бойынша жүргізілген.

Алайда 3 маусым күні іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтатылды.

«Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тергеу тоқтатылды», – деп хабарлады ІІМ.

Еске салсақ, жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі және 20 мен 22 жастағы екі қыз көз жұмған. Тергеу мәліметтері бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан екі көлік соқтығысқан.

Сот барысында жәбірленуші тараптардың барлығы жүргізушіні кешіргені белгілі болды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі