Осыдан бір ай бұрын актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлынан айырылған болатын, деп хабарлайды kznews.kz.
Ozgeris.info жазуынша, ерлі-зайыптылар бұған дейін берген сұхбаттарында тұңғыштарының денсаулығына алаңдайтынын, оның дертімен ұзақ жылдар бойы күрескенін айтқан еді. Олар бес-алты жыл бойы ұлдарының сауығуы үшін бар күш-жігерін жұмсап, ең үлкен армандары баласының амандығы болғанын жеткізген.
Бүгін Жанаргүл Жаныаманова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен ұлына арнап әсерлі жазба жариялады.
"Енді менің саған деген махаббатым бұғау емес, сені алға жетелейтін қанатың болсын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары қайғыдан қан жұтқан отбасыға көңіл айтып, марқұмның рухына дұға бағыштап, жақындарына сабыр тіледі.