KZNEWS.KZ
Әлеумет

Ақтауда өзін дүкен иесі танысының қызы ретінде таныстырған әйел 34 млн теңгенің алтынын алып кеткен

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Оқиға 22 қазанда сағат 14:19 шамасында Ақтаудың 4-шағынауданындағы сауда орталығында болған. Тергеу дерегіне сүйенсек, әйел алтын бұйымдарды жеңілдікпен сатып алғысы келетінін айтып, сатушыны алдаған. Ол алты әшекейді алып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 34 миллион 195 мың теңге деп бағаланып отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілердің Алматыдан Ақтауға келген екі азамат екенін анықтаған. 24 қазанда олар Атырау облысындағы Сағыз ауылы маңында Toyota Camry көлігімен өңірден кетпек болған кезде ұсталды.

Көлікті тексеру кезінде полицейлер ұрланған алты алтын бұйымды тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →