KZNEWS.KZ
Әлеумет

Ақтауда мектеп директорының жұбайы еден жуушының шелегін теуіп жіберген: тексеріс басталды

• Жарқын Омаров
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйелдің тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген қызметкердің су толы шелегін аяғымен теуіп жібергені көрінеді. Оқиға желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде осы жағдайға байланысты полицияға арыз түскені туралы ақпарат тарады.

Маңғыстау облысының Білім басқармасы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Комиссия жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, тараптардың түсініктемесін тыңдайды.

Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Білім басқармасы мәселені бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →