Әлем

Әкесі туған қызын 24 жыл жертөледе ұстап, одан 7 бала сүйген

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Әкесі туған қызын 24 жыл жертөледе ұстап, одан 7 бала сүйген
ашық дереккөзден

Австрия азаматы Йозеф Фритцль өз үйінің жертөлесінде туған қызы Элизабет Фритцльді 24 жыл бойы заңсыз қамауда ұстап, онымен бірге өмір сүргенін және одан жеті бала сүйгенін мойындады. Сондай-ақ ол дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай шетінеп кеткен сәбидің денесін өртеп жібергенін де айтқан, деп хабарлайды kznews.kz.

BBC мәліметінше, 1984 жылдың 29 тамызында Йозеф Фритцль 18 жастағы қызын есірткімен улап, өз үйінің жертөлесіне алдап түсіріп, қолына кісен салған. Кейін ол қызын сыртқы әлемнен толық оқшаулап, жертөледе ұстаған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Фритцль қызын үйден өз еркімен кетіп қалды деген мазмұнда хат жазуға мәжбүрлеген. Осы хаттың негізінде Элизабеттің анасы мен күйеуі оның үш баласын ресми түрде асырап алған. Ал қалған үш бала (жастары 5 пен 19 аралығында) Элизабетпен бірге жертөледе өмір сүрген. Күдіктінің жұбайы бұл жантүршігерлік жағдайдан бейхабар болғаны айтылады.

Жертөледегі бөлмелердің жалпы аумағы шамамен 60 шаршы метрді құраған. Онда төсектер, тамақ дайындайтын құрал-жабдықтар мен санитарлық торап болғанымен, бірде-бір терезе болмаған. Жертөле мен үйді бөліп тұрған қабырғада электронды құлыппен жабылатын, арнайы нығайтылған цемент есік орнатылған. Құлыптың кодын тек Фритцльдің өзі білген. Ол тұтқындарға тамақ пен қажет заттарды өзі әкеліп отырған. Полицияның айтуынша, бұл орын толық дыбыс өткізбейтін болған және кіреберісі мұқият жасырылған.

Бұл қылмыс 19 жастағы Керстиннің (жертөледе туған ең үлкен баланың) ауыр науқасқа шалдығуынан кейін әшкереленген. Оны ауруханаға жеткізу қажет болғанда, дәрігерлер анасының кім екенін анықтауға тырысып, телеарналар арқылы көмек сұраған. Жертөледе теледидар болғандықтан, Элизабет бұл хабарды көріп, әкесін өзін ауруханаға жіберуге көндірген. Көп ұзамай Йозеф Фритцль қамауға алынды.

Төменгі Австрия қылмыстық тергеу бюросының басшысы Франц Польцер бұл жағдайға қатысты:

"Оған қазір қарасаңыз, мұндай қылмысқа қабілетті адам деп ойламайсыз. Ол 24 жыл бойы екі әлемде өмір сүрген", – деген.

Фритцльді танитын адамдар оның көңілді, ашық-жарқын адам болғанын айтып, мұндай әрекетке баратынын елестете алмағандарын жеткізген.

Полиция өкілдері тұтқындардың неге қашып кетпегені туралы сұраққа: Элизабеттің денсаулығы әлсіз болғанын, ал 18 жастағы үлкен ұлының өзі өте әлсіз екенін атап өткен.

"Бұл адамдардың жағдайына өзіңізді қойып көріңіз. Олардың өмірі біздікінен мүлде бөлек болды. Бұл балалар түрмеде дүниеге келген", – деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Айта кетейік, Австрияда бұған ұқсас оқиғалар бұрын да тіркелген. 2007 жылы бір әйел өз үш қызын 7 жыл бойы қараңғыда ұстап, олар сөйлеу қабілетінен айырылған. Ал ең атышулы оқиға – Наташа Кампуштың ісі. Ол 10 жасында ұрланып, 8 жылдан астам уақыт жертөледе қамауда болған. 2006 жылы қашып құтылғаннан кейін, оны тұтқындаған қылмыскер өзіне қол жұмсаған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz