Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Әкем аман қалды": Жахан Отарғалиев такси жүргізушілеріне үндеу жасады

"Әкем аман қалды": Жахан Отарғалиев такси жүргізушілеріне үндеу жасады

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған.

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер.

Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты.

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен.

Айта кетейік,енді Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады.

Автор
Данияр