Жангелдиндегі қайғылы оқиғадан аман қалған Ақбаян Мұқанғалиеваның Instagram парақшасында жаңа жазба пайда болды. Онда Ақбаянмен бірге кітап оқуды бастағаны айтылған.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада күн сайын үш беттен кітап оқуға кіріскені көрсетілген.
"Күніне үш беттен бастап оқи бастадық. Жеті жыл оқыған, дипломымды Ақбаянға арнап жатырмын ал", – делінген жазбада.
Бұл жазба желі қолданушыларының назарын аударды. Кейбір пікір қалдырушылар Ақбаянның жеке парақшасын қазір оның туыстарының бірі жүргізіп отырғанын алға тартқан.
Алайда парақшаны нақты кім басқаратыны жөнінде ресми мәлімет жоқ.
Жарияланымнан Ақбаянға кітап оқуға көмектесу жұмыстары басталғанын аңғаруға болады. Дегенмен оның қазіргі денсаулық жағдайы мен оңалту барысына қатысты қосымша ақпарат берілмеген.