Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқ болып шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқ болып шықты

Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқ болып шықты

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Прокуратура өкілінің айтуынша, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның адам өлтіру фактісіне қатысы барын дәлелдейтін деректер анықталмаған.

«Ол адам өлтіру оқиғасына қатысы болмағандықтан, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ал қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша бөлек іс тіркелгенімен, оған әзірге құқықтық баға берілген жоқ», — деді Жандар Болатбек.

Сондай-ақ ол Ақбаян Мұқанғалиеваның бұл іс бойынша күдікті ретінде танылмағанын және оған ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмағанын атап өтті.

Бұған дейін Алматы қаласында оның психикалық жағдайына байланысты психиатриялық сараптама жүргізілген. Алайда сараптама қорытындысы прокуратураға әлі ресми түрде келіп түспеген.

«Сараптама дайын деген ақпарат бар. Бірақ қорытынды бізге әлі жеткен жоқ. Құжат түскеннен кейін жан-жақты зерделенеді. Қажет болған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкін», — деп қосты прокурор көмекшісі.

Осылайша, Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне қатысты нақты құқықтық шешім оның психикалық жағдайы толық анықталғаннан кейін қабылданбақ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.