Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет тарады.
Ozgeris.info жазуынша, әлеуметтік желіде оның видеолары жарияланып, көпшіліктің назарын аударған.
Туыстарының айтуынша, Ақбаянның қалыпты өмірге қайта бейімделуі үшін әлі де тұрақты қолдау мен ем қажет.
"Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес", – делінген видеодағы жазбада.
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін бес баласымен қауышқан.
Қазіргі уақытта ол туыстарының қарауында және ем қабылдауын жалғастырып жатыр.