Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетті

Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетті

Желі жұлдызы, блогер Айжан Байзақова күйеуінің көлік қағып кеткенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Блогердің айтуынша, күйеуі жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан.

“Нұрбекті жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан. Нұрбек көлікті зақымдаған. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Көлік жүргізушісін кешіре салған. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Күйеуімді көлік қаққан сияқты еді. Бірақ жолдасымның орнына көлік зақымданған”, – деп жазды блогер.

Сөз арасында желі жұлдызы оқырмандарына жаяу жүргіншілер жолынан да абай болып өтуге шақырды.

“Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі деп қабылдайық. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға қарамаңыздар. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Екеуі де үлкен сабақ алды", – деді Айжан Байзақова.

Автор
Еркебұлан