Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Айтысты тоқтатыңдар” деген Назарбаевтың нұсқауын көрсетті” - Жүрсін Ерман

“Айтысты тоқтатыңдар” деген Назарбаевтың нұсқауын көрсетті” - Жүрсін Ерман

Ақын Жүрсін Ерман айтыскер Жандарбек Бұлғақовтың «Айтыс STRICE» Youtube арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрындары айтыс кезінде болған жайтты есіне түсірді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қылышынан қан тамып тұрған КСРО кезінде айтыс ұйымдастырып, Республика сарайына халықты жинағаны туралы баяндады.

Менің «айтыс үшін шайтанмен де тіл табыстым» деген сөзімді көп келтіреді ғой. Сол тіл табысудың реті келеді әйтеуір. Бұл айтысты қайта-қайта жауып тастап жатты ғой. Өзің де куәсің. Сол 2011 жыл ма екен, айтысты Түркияға апарамыз деп министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің алдына бардық. Ол «айтысты тоқтатыңдар» деген Назарбаевтың нұсқауын көрсетті. «Қалай барасыңдар Түркияға?» деп. Одан да өттік. Қамқорлық жасағандар да аз болған жоқ. Баяғыдағы жекпе-жек айтысты ашу үшін Дариға Назарбаеваның алдына бардым. «Хабар» агенттігінің төрайымы еді. «Сөз жоқ, аша бер, бірақ мынаған тиіспесең болды» деп саусағын жоғары шошайтты. Әкесін айтқаны ғой. Қайдан тиіспеген? Ринаттар «Үш жүздің тағдырынан гөрі бізге, үш қыздың болашағы қиын боп тұр» деп айтып жіберді. Ешқандай жазалау, ескерту болмады. Қаншама уақыт эфирде көрсетілді, - деді Жүрсін Ерман.

фото: видеодан алынды
Автор
Нұрсұлтан