Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова темір тұлпар тізгіндеді

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова темір тұлпар тізгіндеді

Ақын Сара Тоқтамысова Шығыс Қазақстанда өткен аламан айтыста су жаңа автокөлік ұтып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Айтыскер қуанышы жаңалығымен бөлісіп, желідегі оқырманынан сүйінші сұрады.

“Сүйінші! Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым Мұхтар Ниязбен шықтым. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым”, – деп жазды Сара Тоқтамысова.

Белгілі ақын Балғынбек Имашев та айтыстан құр қол қайтпаған. Айтыскерге де бір көлік бұйырыпты. Жүлдеден бөлек ақындарға қосымша 1 миллион теңгеден берілген.

Желі қолданушылары мен ақынның өнердегі әріптестері қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

“Игілігіңе мін”, “Құтты болсын Сара қарындасым, бұл алдағы жеңістердің, көліктердің бастамасы болсын”, “Абыройың арта берсін! Аллам тіл-көзден сақтасын”, “Сара қыз, дара қыз, құтты болсын”, “Берекелі болсын, әпке”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Автор
Айбар