Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше нысандардың тізіміне енді

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше нысандардың тізіміне енді

Түркияның Анталья қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халыақаралық комитеттің кезекті сессиясы өтті. Онда ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жаңа нысандарды қабылдау бойынша шешім комитеттің сессиясында қабылданады. Комиссия құрамында әлемнің сексен елінің сарапшылары бар. «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарай кешені Жамбыл облыстық басқарма қызметкерлерінің таныстыруынан кейін сарапшылардың қолдауымен әлемдегі ерекше туристік тартымды нысандардың тізіміне енді. Сондай-ақ сол санатты ресми нақтылайтын арнайы сертификат тапсырылды.

Енді бұл нысандарды көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы танымал ету мақсатында «WORLD LIST – TOURIST ATTRACTION» белгісін (логотип) пайдалануға рұқсат етіледі.

Автор
Арман