Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйгілі Денис Теннің жаттықтырушысы көз жұмды

Әйгілі Денис Теннің жаттықтырушысы көз жұмды

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Денис Теннің бұрынғы бапкері Фрэнк Кэррол өмірден өтті. Бұл туралы АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясы хабарлады.

Кэррол 86 жасына қараған шақта көз жұмған. Ол өз мансабында даңқты спортшыларды жаттықтырды.

Атап айтар болсақ, Ванкувер Олимпиадасының чемпионы Эван Лайсачек, екі Олимпиаданың жүлдегері Мишель Кван, Олимпиаданың күміс жүлдегері Линда Фратиани сынды спортшылар Кэрролдің қол астынан шыққан.

Одан бөлек, Фрэнк қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді де жаттықтырды. Америкалық маманның жетекшілігімен Тен 2010 жылдан бастап жаттығып, әлем чемпионаты мен Олимпиададағы жүлделерін жеңіп алды.

Денис Тен 2018 жылы қарақшылар қолынан қаза тапты.

Автор
Еркебұлан