«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйел жүкті екенін білмей бала босанып алды - Қазақстан жаңалықтары

Әйел жүкті екенін білмей бала босанып алды - Қазақстан жаңалықтары

Австралияның Квинсленд штатының тұрғыны босанғанға дейін өзінің жүктілігін байқамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы Эмбер Смит өзін жайсыз сезініп, жуынатын бөлмеге барған.

"Жуынатын бөлмеде ішімде қатты ауырғанын сездім, сосын астымнан су кетті, мен айқайлап жібердім", - деді ол.

Оның айқайын естіген сүйіктісі дереу жүгіріп барады. Жігіт сәбидің басы шығып келе жатқанын байқайды және Эмберді босандырады.

Смиттің айтуынша, ол тіпті жүктілік туралы күдіктенбеген. 

"Бұл тоғыз ай маған бұрынғылары сияқты болды. Ай сайын етеккірім жүйесіз келіп жүрді,  сондықтан мен ерекше ештеңе байқамадым", - деді ол.

Эмбер туғанға дейін оның ішінің өскенін байқаған. Алайда, Смит бұл артық тамақтанудың салдары деп есептеген.


stan.kz
Автор
Айбар