"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйел анасының ұйықтап қалғанының арқасында аяқ астынан байып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Әйел анасының ұйықтап қалғанының арқасында аяқ астынан байып кетті - Қазақстан жаңалықтары

АҚШ-тың Магнолия қаласының тұрғыны лотереядан қомақты ақша ұтып алды. Оған анасының ұйықтап қалуы себеп болған.

Бұл туралы Charlotte Observer басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 
29 наурызда Лорел Лик отбасындағы дәстүр бойынша қарт анасымен карта ойнамақ болады. Алайда сол күні кейуана ұйықтап қалған екен. Сондықтан қызы дүкенге барып, лотерея билетін сатып алған. 

Артынша Лик билеттің ұтысты екенін біліп, ақшасын алу үшін бірден лотерея кеңсесіне барған. Ол шамамен 30 доллар (11 мың теңгеден аса) аламын деп күткен. Сөйтсе ол 1 миллион доллар (380 млн теңгеге жуық) ұтып алыпты. Лотерея қызметкері Лорелге ұтқан сомасын айтқанда, әйел не істерін білмей, оны құшақтап алыпты. 

Мұнан кейін ол билетті үйіне алып барып, анасын оятады.

«Оның ұйықтап қалғаны үшін қуаныштымын. Егер бұлай болмағанда, ұтысқа кенелмейтін едім», - дейді Лик. 

Лотерея қызметкерлері әйелге ақшасын алудың екі нұсқасын ұсынған. Ол 20 жыл бойы жылына 50 мың доллар (19 млн теңгеге жуық) алып тұра алады немесе бірден 600 мың долларды (228 млн теңгеге жуық) алады. Ол екінші нұсқаға келісіп, салық төлемдерін төлегеннен кейін 424,5 мың долларға (161 млн теңгеден аса) ие болды. 

Лик ақшасының бір бөлігін үй алуға жұмсамақ. Тағы бір бөлігін қызы мен немересіне бөліп беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол әріптестеріне мерекелік түскі ас жасап бермекші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


stan.kz
Автор
Бауыржан