Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аяғы ауыр Ерке мен Раймға пародия жасаған жасөспірімдер сынға ұшырады

Аяғы ауыр Ерке мен Раймға пародия жасаған жасөспірімдер сынға ұшырады

Танымал әншілер Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереевке (авт. – Raim) пародия жасаған жігіт пен қыз сынға қалды.

Azattyq-ruhy-ның жазуынша, оқиғаның нақты қайда өткені белгісіз. Болжам бойынша мектептің немесе колледж ғимараттарының акт залында өтті.

Видеоға мән берсек, басты рөлді сомдаған жігіт пен қыз «Бұл махаббат» әніне пародия жасағанын байқауға болады.

Дегенмен олардың бұл пародиясы жұртшылықтың көңілінен шыға қойған жоқ.

«Мынадай көріністі мектеп қабырғасында көрсетуге тыйым салу керек», «Екіқабаттың рөлін алып шығу мүлдем қажет емес, ұят», «Киген киімі үстінен шешілейiн деп тұр ғой», «Не көйлек мынау масқара», «Білім ордасында кімге мән бермегеннің өзінде аяғы ауыр болып көрініс жасау ұят нәрсе», «Сабақтарыңды оқыңдар, пародия сендердің не теңдерің», «Жеткен жеріміз осы ма енді?» - деп жазды желі қолданушылары.

фото: видео скрин

Автор
Данияр