Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аягөз қаласында апат салдарынан жылу өшті

Аягөз қаласында апат салдарынан жылу өшті

Қарағанды облысы Саран қаласынан кейін, апат салдарынан еліміздің шығысындағы Аягөз халқы жылусыз қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


“16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр”, – деп жазды Абай облысы әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылып жатыр.

“Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтау 5 қазанда жүзеге асырылды, тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды”, – деп уәде берді облыс әкімдігі.

Автор
Айбар