Қоғам

Айзат Жұманованың жұьайы қанша жылға сотталады?

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
Айзат Жұманованың жұьайы қанша жылға сотталады?
Фото: әлеуметтік желіден

Биыл шілде айында Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптаудың салдарынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты іс қазір Талдықорған қалалық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы марқұмның күйеуі Айбар Жанболатқа қатысты жаза сұрады. Прокурордың айтуынша, жиналған дәлелдер мен сараптама қорытындылары оның кінәсін толық дәлелдейді. Осыған байланысты айыптаушы тарап соттан Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 33 жастағы айыпталушы оқиға болған күні мас күйінде үйінің маңында жұбайын аяусыз соққыға жыққан. Ол әйелін ұрып-соғып, тепкілеп, Айзат Жұманова есінен танып қалғанына қарамастан күш қолдануды жалғастырған. Кейіннен қан жоса болған әйелін өзі ауруханаға жеткізгені белгілі болды.

Сот отырысында куәгерлердің жауаптары тыңдалып, айыпталушының кінәсін растайтын сот-медициналық сараптама қорытындылары ұсынылды. Сарапшылар алған жарақаттардың өмірге тікелей қауіп төндіргенін және өлімге әкелгенін мәлімдеді.

Осы деректердің негізінде Айбар Жанболатқа Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр, үкім алдағы уақытта жарияланбақ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz